Ресей министрі: Доллармен есеп айырысудан бас тартуымыз мүмкін

"Біз америка экономикасына, америкалық бағалы қағаздарға салатын ақшамызды азайттық және одан ары да азайта береміз" деді Силуанов мемлекеттік "Россия-1" телеарнасына 12 тамызда берген сұхбатында. Ол сонымен қатар, Ресейдің халықаралық саудада доллармен есеп айырысудан бас тартуы мүмкін екенін айтып, төлем жасасу құралы ретінде доллар қауіпті бола бастағанын жеткізді, деп жазды Азаттық радиосы. 

Наурыздан мамыр айына дейін Ресейдің америкалық облигацияларға салған қаржысы шамамен 81 миллиард доллардан 15 миллиард долларға дейін азайып кеткен. Кейбір сарапшылар Ресейдің АҚШ облигацияларындағы үлесі көп емесін айтып, Мәскеу жауабының әсері боларына күмән келтіреді. Ресеймен салыстырғанда, Қытай 1,2 триллион доллар америкалық облигацияға ие.