Ресей мұнайдың бір тоннасына салынатын экспорттық баж салығын 200,6 АҚШ долларына дейін көтерді

31-мамырға дейін 1-сәуірде белгіленген бір тонна мұнайға салынатын экспорттық баж салығы 156,4 АҚШ долларын құраған.

Осы қаулымен 1-маусымнан бастап ақшыл мұнай өнімінің бір тоннасына 147,5 АҚШ доллары, ал қара қошқыл мұнай өнімінің бір тоннасына 79,4 АҚШ доллары көлемінде экспорттық баж салығы белгіленген. Бұрындары бұл баж салықтары 117,7 АҚШ доллары мен 63,4 АҚШ долларын құраған болатын.

Ресей Федерациясының мұнай және мұнай өнімдерінің экспортына салынатын баж салықтарын үкімет Urals маркалы ресей мұнайының әлемдік нарықтағы бағаларының екі айлық мониторингі негізінде арнайы формула бойынша екі айда бір рет қарайды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті