Агенттіктің ақпаратына сүйенсек, "бұл рекордтық көрсеткіш соңғы кездері байқалып отырған мұнай бағасының жоғарылауымен байланысты туындап отыр".
"Ресей Федерациясының үкіметі екі айда бір рет Ресейден шығатын мұнай және мұнай өнімдерінің экспорттық баж салығын Urals маркасындағы ресей мұнайының бағасын екі айлық мониторингтен өткізу негізінде арнайы формула бойынша қайта қарап отырады", - деп хабарлайды агенттік.
Агенттіктің мәліметтеріне сүйенсек, Ресейден шығатын ашық түсті мұнай өнімдерінің баж салығының мөлшерлемесі тоннасына 197,8 АҚШ долларын (бұрын тоннасына 181$) құраса, қара түсті мұнай өнімдеріне тоннасына 106,6 $ (бұрын тоннасына 97,5$) құрап отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті