Ресей Оңтүстік Осетиядағы оқиғаларға байланысты Грузия ұстанымын қолдап отырған елдерге қатысты өз қатынасын өзгертпейді - Қазақстандағы Ресей елшілігі

"Ресей басшылығы осы оқиғалардың Ресейді қолдайтындар мен одан өзге ұстанымдағы елдер болып әлемді екіге жаруын қаламайды", - деді В. Спринчан.

"Уақыт бәріне төреші. Оңтүстік Осетияда не болғаны жайында деректі құжаттар жарияланып, осыған негізінен кім кінәлі деген сауал туындаған кезде қоғамдық пікір де бір арнаға қарай ойысады деген ойдамын", - деді В. Спринчан.