Ресей Оңтүстік Осетиядағы қақтығысты тудырғандарды жауапкершілікке тартуды және халықаралық тергеу жүргізуді талап етеді - Ресейдің Қазақстандағы елшілігі

"Ресей басшылығы бұл әрекеттерді халықаралық қылмыс деп есептейді", - деп атап көрсетті В. Спринчан.

"Халықаралық қоғамдастық қайбір тараптың іс-әрекеті халықаралық қылмыс деп таныған бұрынғы Югославияда болған жағдайларды еске түсірсек, ол бойынша арнайы трибунал құрылған. Оның қазіргі күнге дейін қалай жұмыс істеп жатқандығын сіздер жақсы білесіздер", - деді ол.

"Бір жарым мыңнан астам бейбіт тұрғын опат болған, мандатын сол Грузияның өзі бекітіп берген бітімгерлердің өлтірілгені неліктен жауапсыз қалуға тиіс?" - деді Ресей елшілігінің өкілі.

"Ресей басшылығының талаптары халықаралық қоғамдастыққа, халықаралық заңдық құқықтық қоғамдастыққа арналған. Ол қаншалықты мүмкін болатын жайт - оны жоғарғы халықаралық форумдар шешетін болады. Ал бұл талаптардың әділетті екендігінде еш күмән жоқ", - дегенге сенімді В. Спринчан.