Дүйсенбі күні Д.Медведев Нұрсұлтан Назарбаевты ҚР Президенті болып қайта сайлануымен құттықтады, деп жазды РИА Новости.
"Ресей мен Қазақстанды біріктіретін достық, тату көршілік және серіктестікті нығайтуда қосқан үлесіңізді, түрлі салада ауқымды экономикалық жобаларды жүзеге асыратыныңызды бағалаймыз. Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясында қазақстандық серіктестермен кооперациялық байланыстарды ұлғайтудың жаңа мүмкіндіктерін ашатын ынтымақтастықты жандандыруға дайынбыз", - делінген Ресей үкіметі басшысының құттықтау хатында.
Д.Медведев Назарбаевтың сайлауда жеңіске жетуі оның стратегиялық бағыты қазақстандықтар тарапынан зор қолдауға ие болғанын көрсеткенін атап өтті.
"Сіздің басшылығыңызбен республика әлеуметтік-экономикалық даму, азаматтарының жағдайын жақсарту жолымен алға жылжиды деп сенемін", - делінген үкіметтің баспасөз қызметі келтірген РФ үкімет басшысының құттықтау хатында.