Ресей президентінің жолдауында атап көрсетілгеніндей, Еуразиялық МедиаФорум "өзекті әрі өткір проблемалар талқыланатын кең ауқымқы қоғамдық мінберге айналды". "Оларды шешуде БАҚ-тардың тілектестік және ынтымақтастық позициясы бірегей рөл атқара алады",- деп пайымдайды В.Путин.
Ресей президентінің пікірінше, Ұлы отан соғысындағы жеңістің 60 жылдық мерейтойы жылында "БАҚ-тар арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеп, өркениетке қатер төндіріп отырған экстремизм мен лаңкестікке қарсы тұрудың маңызы айрықша арта түспек".
"Форум аясындағы конструктивті пікір алмасу Еуразиялық ақпараттық кеңістікті қалыптастыруда жалпыға ортақ гуманистік идеалдар негізінде өзара сенімділік пен түсіністікті одан әрі нығайтуға қызмет ететін болады",- дегенге В.Путин күмән келтірмейді.
Ресей президенті Форумға қатысушылар мен ұйымдастырушыларға жемісті жұмыс тіледі.