Ресей президенті Игорь Юсуфовты халықаралық энергетикалық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкіл етіп тағайындады

И.Юсуфов халықаралық энергетикалық ынтымақтастық, халықаралық энергетикалық жобаларды жүзеге асыруға ықпал жасау міндеттерін жауаптанбақ. И.Юсуфов биылғы ақпан айына дейін РФ энергетика министрінің лауазымын атқарған.

Сондай-ақ, Ресей президентінің жарлығымен Виктор Калюжный басқа жұмысқа ауысуына байланысты РФ сыртқы істер министрінің орынбасары және РФ президентінің Каспий теңізінің мәртебесін реттеу мәселесі жөніндегі арнаулы өкілі қызметінен босатылды.