Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жазбаша да құттықтау жолдаған Ресей президенті: «Сіздің бай саяси тәжірибеңіз, Ресей мен Қазақстанның арасындағы одақтастық пен стратегиялық серіктестікті дамытуға бағытталған сіздің тұрақты бағдарыңыз - ресейліктердің шынайы құрметіне ие болып отыр. Екі ел халқы сан ғасырлар бойы мықты достық және тату көршілік дәстүрлерімен байланысты болды. Осынау баға жетпес дәстүрлер сіздің қажырлы күш-жігеріңіздің арқасында бүгінде нығайып, еселеніп келеді»,- деп атап көрсеткен В. Путин өзінің жеделхатында.
«Арамызда қалыптасқан сенім мен өзара түсіністік қатынастарды жоғары бағалаймын. Біздің тұрақты кездесулеріміз, мүдделі пікір алмасуларымыз көп жоспарлы екіжақты ынтымақтастығымызды қарқынды дамытуға мүмкіндік беріп отыр. Ал, аймақтық мәселелерді шешудегі үндес бағдарлар ТМД, ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ және ШЫҰ аясындағы ықпалдастық үдерістерді ілгерілетуге сеп болуда», - делінген құттықтауда.
Ресей президенті сондай-ақ қазақстандық әріптесін телефон арқылы да құттықтады. Әңгіме барысында екі елдің басшылары сондай-ақ жоғары деңгейдегі Ресей-Қазақстан барыс-келісінің таяу уақыттардағы кестесін талқылады.