Ресей президенті Қазақстан және Ресейдің Шекаралық өңірлер басшыларының V халықаралық форумына қатысу үшін Ақтөбеге келді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Д. Медведевті Ақтөбедегі өз резиденциясында күтіп алды. Бұдан кейін екі президенттің жеке кездесуі басталды. Кездесуден кейін екі мемлекет басшысы бірлесе жұмыс бабындағы таңертеңгі астан дәм татады.