Ресей президенті Қазақстанға жұмыс сапарын аяқтады

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сапар барысында В.Путин Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті. Екі жақты экономикалық ынтымақтастықты дамытудың келешек көкжиектерін айқындау - жүздесу барысындағы басты әңгіме өзегіне айналды.

Атап айтсақ, Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекара сызығын делимитациялауға қатысты мәселенің кейбір тұстары, отын-энергетика кешеніндегі ынтымақтастық тақырыптары талқыланды. Мемлекет басшылары өзара қызығушылық танытылып отырған халықаралық өзекті проблемалар бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ, Қазақстан президентінің 17-18-қаңтарға жоспарланған Мәскеу сапарына дайындық мәселелері сарапқа салынды.