Атап айтсақ, В.Путин Қорғаныс министрлігінің 929-шы мемлекеттік ұшу және сынақ орталығы мен бірқатар полигондарды пайдалану жөніндегі Қазақстанмен арадағы келісімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттамаларды бекітуге берді.
Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанмен арадағы 1995-жылғы 20-қаңтардағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттамаларға Мәскеуде 2006-жылдың 4-сәуірінде қол қойылған. Олар РФ қорғаныс министрлігінің 929-шы мемлекеттік ұшу және сынақ орталығын, қорғаныс министрлігінің мемлекеттік орталық полигонын пайдалану, сондай-ақ, Ембі және Сарышаған полигондарын пайдалану мен жалға алу, Приозерск қаласының тіршілік іс-қызметін қамтамасыз етуге қатысты келісімдер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті