Ресей президенті Шанхай ынтымақтастығы ұйымының энергетикалық клубын құруды ұсынды

“Ұйым қазір келешегі бар экономикалық жобаларды белсенді жүзеге асыра бастайтындай ұйымдастырушылық-құқықтық құрылымға ие”, деді Ресей президенті Шанхай ынтымақтастығы ұйымының мемлекет басшылары кеңесінің отырысында.

В.Путин Шанхай ынтымақтастығы ұйымының энергетикалық клубын құруды, көлік және коммуникациялар саласындағы ықпалдастықтар аясын кеңейтуді өзекті деп санайтынын мәлімдеді. Ресей бұл орайда ұйымының шеңберіндегі жекелеген экономикалық жобаларға несие бөлу мүмкіндіктерін де қарастыруда.

Президенттің пікірінше, экономикалық ынтымақтастықтағы жаңаша мүмкіндіктер Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Іскерлік кеңесі мен банкаралық бірлестігін құруға жол ашып отыр.