Алғашқы аялдамасы Баку қаласы болады. Әзербайжан президенті Ильхам Алиевпен кездесуде Медведев қатарынан бірнеше өзекті тақырыптарды талқыға салады. 4 шілде күні кешке Д. Медведев алғашқы ресми сапарымен Ашхабадқа келеді. Ресей президенті Түркіменстанға келіп қайту жөніндегі шақыруды Санкт-Петербургте 6-7 маусымда өткен ТМД елдерінің ресми емес саммитінің барысында алған болатын.
Сонымен қатар, 6 шілдеде Ресей президенті Д. Медведев Астана қаласына келіп, қатарынан екі мерекелік шараға қатысады. Оның бірі - Астананың 10 жылдығы болса, екіншісі - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні.