Ресей президентінің кеңесшісі Андрей Илларионов Қарағандыға барады

Ресей президентінің кеңесшісі экономикалық және әлеуметтік маңызды нысандарды аралап, облыстағы тарихи ескерткіш орындарын аралайды. Атап айтсақ, А.Илларионов "Испат-Кармет" ААҚ, "Абсолют-Қазақстан" ЖШС тәрізді кәсіпорындар жұмысымен танысады. Сондай-ақ, Ресейлік өкіл кезінде КарЛАГ орналасқан Долинка ауылында болмақшы. Ресейлік мейманды сонымен бірге "Балалық сарайы" атты жеке меншік балабақша мен Қарағандының "Голубые пруды" ықшам ауданындағы ең бір таңдаулы мектеп қонаққа шақырып отыр.