Ресей Протонның құлауынан келген залал мөлшеріне күмәнмен қарап отыр


Сергей Горбунов, «Роскосмос» баспасөз қызметінің жетекшісі: 

- Халықаралық талапқа сәйкес, экологияға келген зиян алдымен дәлелденуі тиіс. Осыдан соң ғана өтемақы төлеу мәселесі қаралады. Әрине, Қазақстан тарапы сұрап отырған қаржыны білеміз. Енді «Роскосмос» арнайы сараптама жүргізіп, өз есебін шығаруы керек.

Осылайша, «Роскосмос» тағы да бүйректен сирақ шығаруда. 2-ші шілде күні Қызылорда облысына құлаған «Протоннан» 600 тонна улы гептилдің төгілгеніне қарамастан, нақты айғақ сұрап әлек. Яғни табиғатқа келген зиянды дәлелдеп беріңдер деп қасарысып отыр. Ал көршілеріміздің аяқ-асты шамдануы бекер емес. Бұған дейін Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігі өтемақы мөлшерін 14 млрд теңгеге бағалаған еді. Бірақ Ресей жарты жыл өтсе де оны төлейтін сыңай танытып отырған жоқ!