Ресей Қазақстан аумағы арқылы Қытайға жылына 5 млн тоннаға дейін мұнай шығармақшы

"Екі жақты келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан және Ресей мұнайын транзитті тасымалдау жөніндегі 2008 жылға арналған хаттамаға қол қойылады", - деді министр.

"Осы хаттаманың аясында Ресей алғаш рет Қазақстан аумағы арқылы Қытайға жылына 5 млн тоннаға дейін мұнай шығара бастайды", - деді В. Христенко.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті