"Роскосмос" басшысы отырған кезде айтайын дегенім, Жұлдыздар қалашығындағы біздің екі жігітіміз ұшуға дайын және біз Ресей президентімен олардың ғарышқа ұшатындар санатында болатыны жайында сөйлестік", - деді Н. Назарбаев.
Өз кезегінде Д. Медведев келісімге қол жеткізілгенін және осы сәтті жақындату үшін Ресей қолдан келгеннің бәрін жасайтынын атап көрсетті. "Осы мәселе бойынша халықаралық серіктестермен біздің қатынастарымызды жылдамдату жөнінде Ресей ғарыш агенттігіне тиісті тапсырма бердім", - деді Д. Медведев.