Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдері "Шекара-2014" бірлескен оқу-жаттығуларға қатысады


«Оқу-жаттығуларға Қазақсан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан қарулы күштерінің, сондай-ақ Бірлескен штаб пен ҰҚКҰ хатшылығының өкілдері қатысады.

Оқу-жаттығулардың мақсаты бірлескен операция дайындау кезінде әскери басқару органдары жұмысының біртұтас алгоритмін жетілдіру, қамсыздандырудың барлық түрлерін ұйымдастыру, дағдарысты жағдайларды шешу жөніндегі бірыңғай әдістерді пысықтау, қауіпсіздікті қамтамамыз ету, өзара іс-қимыл мен тәжірибе алмасуды ұйымдастыру болып табылады.