Сібір федералдық округі бойынша ФҚҚ аймақтық шекара қызметі басқармасының баспасөз қызметінің бастығы Олег Киселев хабарлағандай, бұл объект шекарадағы Рубцовск қаласында орын тепкен. "Бұл 2003 -2010 жылдарға арналған Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасы" федералдық бағдарламасының аясында пайдалануға берілген алғашқы кешен" - деп атап көрсетті Шекара қызметі.
Объектілердің құны 300 млн рубльді құраған. Шекара қызметі бөлімінің кешеніне спорттық сауықтыру кешені, атыс тирі, жұмыс бөлмелері бар әкімшілік ғимарат кіреді. Сонымен қатар, мұнда шекара қызметінің офицерлері мен прапорщиктеріне арналған 75 екі және үш бөлмелі қызметтік пәтерлері бар 2 тұрғын үй салынған. Ғимараттар заманауи бейне бақылау жүйелерімен, техникалық күзет құралдарымен жабдықталған.
Қазір Сібір федералдық округі бойынша мемлекеттік шекараның Ресей - Қазақстан бөлігінде осы секілді тағы 63 объект салынып жатыр.
Баспасөз қызметінің мәліеттеріне сүйенсек, соңғы уақытта Рубцовскінің шекарашылары 200 кг есірткі затын, 200 млн рубльдің контрабандасын тәркілеп, 900-ден астам мемлекеттік шекара режимін бұзушыны анықтаған. Ресей - Қазақстан шекарасының Алтай бөлігінің жалпы ұзындығы 800 шақырымнан асып жығылады.