Ресей, Қазақстан, Украина және Беларусь мемлекеттері Біртұтас экономикалық кеңістікті құруда біршама ілгерілеушіліктерге қол жеткізді - РФ президенті

Ресей мемлекет басшысы Қазақстанды өз елінің ең бір жақын әрі сенімді әріптесі деп атады. В.Путин Н.Назарбаевты Қазақстан қол жеткізген жоғары экономикалық даму қарқынымен құттықтай отырып екі жақты қарым-қатынастардың дами түскеніне қанағаттанғандық танытты.

Өз кезегінде Н.Назарбаев екі ел арасындағы байланыстардың тұрақты дамып келе жатқанын, тауар айналымы 29 процентке өскенін атап өтті.
Біртұтас экономикалық кеңістікті құру жөніндегі құжаттарды дайындау жұмысы тәмамдалуға жақын, - дей келіп Н.Назарбаев осы бағытта тиісті шешім қабылданады дегенге сенім білдірді.