Ресей, Қазақстан және Өзбекстан елдері Ауғанстанға мұнай жеткізуді тоқтатты

Ауғанстанның Сауда және өнеркәсіп министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, елге тасымалданатын барлық мұнайдың 70 пайызы осы аталған үш мемлекеттің үлесіне тиеді екен.

Хабарламада көрсетілгендей, тасымалды тоқтатудың себебі ретінде егін жинау маусымының басталуы көрсетілген. Ол ішкі нарықта сұранысты шұғыл арттырған. Министрлік соған қарамастан қыркүйек айында Ресей, Қазақстан мен Өзбекстаннан мұнай бұрынғы деңгейде тасымалдануы мүмкін деп үміттеніп отыр.