Ресей Қазақстанға «Протон» апатынан келтірілген залалды өтеу мәселесін келісіп жатыр

Бұл туралы Роскосмос мекемесінің Қазақстандағы өкілі Анатолий Красников мәлім етті.

«Ресей жағының позициясын федералды атқарушы билік органдарымен келісіп алу қажет. Сондықтан әзірге, нақты жауап жайын деп айта алмаймыз», - деді А.Красников.

Оның айтуынша, «бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыс тоқтаған жоқ, жүріп жатыр». «Бұл проблема жабулы күйінде қалмайды. Жұмыс жүріп жатыр. Сондықтан, біз бұған қатысты ұстанымымызды жариялаймыз және Қазақстан жағы бұдан ең алдымен құлағдар болады», - деді А.Красников.

Бұл процесс қашан аяқталады деген сұраққа Роскосмос өкілі: «оның уақыты РФ үкіметі мен федералды атқарушы билік органдарының жұмыс регламентіне байланысты» деп жауап берді.


«Ресей жағы естіп отыр, мәселеден хабарымыз бар және жұмыс істеп жатырмыз. Жауап міндетті түрде беріледі», - деп қосты А.Красников.

Бұған дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Ресей жағының аталған шығынды өтеу мәселесін созып жібергенін мәлімдеген болатын.