Ресей қорғаныс министрі өз елінің болашақта Байқоңыр ғарыш айлағын пайдаланудан бас тарту мүмкіндігін жоққа шығармайды

С.Ивановтың айтуынша, "біз бұл жерде құр босқа жылқы қуалап жүрген жоқпыз, бірақ Ресейдің ғарыш кеңістігіне шығатын тәуелсіз айлағы болуы тиіс".

С.Ивановтың айтуына қарағанда, Ресейдің бас әскери қолбасшысы Плесецк айлағын ғарыш кеңістігіне тәуелсіз жол тарту мақсатын шешуге мүмкіндік беретін негізгі нысан ретінде тіпті сонау 2001-жылы атап көрсеткен.