Ресей құрамасы Еуро-2012-де сүрінді, Дик Адвокат командамен қош айтысады

Ойынның бірінші кезеңінде екі құрамада нәтижесіз шабуылдар жасады. Айта кетерлігі, әсіресе орыстар тарабынан шабуылдар көп болды. Дегенмен бірінші таймға қосылған минуттың соңғы секундтарында Ресей командасының қорғаушысы Сергей Игнашевичтің өрескел қателігінен кейін суырылып алға шыққан грек жартылай қорғаушысы Гиоргиос Карагунис қақпа саңылауын тапты. Ал екінші таймда екі құрама да есеп аша алған жоқ.

"А" тобындағы келесі ойында Чехия мн Польша құрамалары кездесіп, чехтар 1:0 есебімен басым түсті. Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша, Чехия 6, Грекия мен Ресей 4 ұпайдан, ал Польша 2 ұпай жинады. Дегенмен соңғы ойында гректер орыстардан басым түскендіктен плей-оффқа жолдама алды.

Айта кетерлігі, орыстар допқа көп иелік етіп, гректер қақпасына 25 мәрте соққы бағыттағанымен бірде бір гол соғылмады. Ал Варшава стадионына құрамасын қолдауға келген орыс жанкүйлерлерінің көптігі де оларға дем бере алмады.

Есте болса "Еуро-2012"-нің бірінші күнінде-ақ Ресей құрамасы Чехияны 4:1 есебімен ойсырата ұтып, поляктармен есебімен тең түскен еді.

Ресейдің барлық бұқаралық ақпарат құралдары да құрамаларының ширек финалға шығытындығына сенімді болды. "Ресей тең ойнайды. Ең бастысы, гректерге ұтылмау керек, ал бұл оп-оңай ғой", - деп жар салды ресейлік коментаторлар.

Ал Ресей құрамасының жаттықтырушысы Дик Адвокат командамен қош айтысып, ендігі уақытта голландиялықтармен жұмыс істейтін болады. Ресей футбол одағының президенті Сергей Фурсенко шілденің алғашқы жартысында-ақ жаңа жаттықтырушының есімін атауға уәде беріп отыр.