Ол моңғолиялық Найдангийн Тувшинбаярды финалдық кездесуде ұтқан болатын.
Үшінші алтын ресейліктерге Олимпиаданың турнирлік кестесінде жоғары көтерілуге мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта Ресей 12-ші орыннан бұған дейін Қазақстан мен ОАР бөлісіп тұрған 9-ші орынға жайғасты.
Ал Германия құрамасы 6-шы орында. Италия да кеше өз жағдайын біршама жақсартып, 7-ші орынға көтерілді. Жапон құрамасы болса, Қазақстанды өкшелеп келеді, оларда 19 медаль (2,6,11).
Украина кестеде төмен сырғуда. 5 күннің қорытындысы бойынша Олимпиада қожайыны Ұлыбритания 5-ші сатыда, ал Франция олардан 1 алтынмен сәл алда келеді. Тізімнің ең соңында 1 қола медальмен өзбектер тұр. Жеңіп алған медальдар саны бойынша әлі де болса Қытай құрамасы 18 алтын, 11 күміс және 5 қола медальмен көшбасшылықты берер емес. АҚШ-та қалысар емес, оларда да 18 алтын болғанымен қытайларға қарағанда күмістері (18, 9, 10) аздау болып тұр. Үштікті Оңтүстік Корея елі қорытындылайды (7,2,5).