Ресей Қырғызстанның күш құрылымдарына ШЫҰ саммитінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмек көрсетуге дайын - РФ ІІМ

"Бізде ауқымды саяси шаралар өткізу тәжірибеміз бар, біз осымен бөлісуге дайынбыз. Расын айтсақ, сіздерден де үйренетін нәрсе жоқ емес", - деді Р.Нургалиев.

Министрдің мәлімдеуінше, Ресей мен Қырғызстанның күш құрылымдары арасындағы ынтымақтастық тәжірибелік сипатта. Р. Нургалиев бұған қоса екі елдің ішкі істер министрліктерінің тиісті бөлімшелері арасында экстремистік және лаңкестік ұйымдардың іс-қызметіне қатысы бар тұлғалар туралы ақпарат алмасу жолдарын жетілдіру қажеттігін атап өтті. РФ ІІМ ұйымдасқан қылмыспен, есірткі тасымалымен, діни-экстремистік ұйымдармен тізе қоса күресу мүмкіндігі ғана бар екенін атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті