Ресей Қырымды қайтару жағдайында өз міндетін орындады - Путин


"Біздің түпкілікті мақсатымыз, адамдарға қалай өмір сүргілері келеді, сол туралы пікірлерін білдіруге мүмкіндік беру болатын.Украина мемлекеті құрамында автономия болып қалғылары келсе, солай болсын дедік. Бірақ олар басқаша шешсе, біз оларды тастауға тиіс емес едік. Референдумның нәтижелерін білеміз, сол себепті біз өз міндетімізді орындадық”, деді В.Путин "Россия 1" телеарнасы  арқылы «Қырым. Отанға оралу” фильмі бойынша көрсетілген анонс кезіндегі сұхбатында.
Ресей президенті атап өткендей, Қырым тағдыры туралы мәселе 2014 жылы 23-ақпан күні, яғни Украина президенті Виктор Януковичті құтқару жөніндегі операция жүргізілген кезде шыққан.
Ресей президенті атап өткендей, Қырым тұрғындарының пікірі жабық сауалнама кезінде зерттеліпті.
"Белгілі болғандай, Ресейге онда тұратын халықтың 75 пайызы қосылуға ынта білдірген”, деді ол.