"Днепр" үлгісіндегі зымырандарды жетілдіру қажеттігі туралы шешім қабылданғаннан кейін ғана, сондай-ақ, "Днепрдің" құлау себебі нақты анықталғаннан кейін ғана Ресей жағы Қазақстан үкіметіне коммерциялық мақсаттағы ұшырылымдарды қайта жаңғырту жөнінде өтініш жасайтын болады",- деді А.Перминов.
"Қазіргі жағдаймен Ресей осы үлгідегі зымырандарды басқа жерден ұшыру мүмкіндігіне ие",- деді ол.