"Біз Қазақстанның банк секторының баяндылығы мен даму тұрақтылығын қолдау және Ресей Сбербанкінің мұндағы жұмысының қарқынын арттыру саласында біздің ынтымақтасу мүмкіндіктерімізді қарастырдық", - деді Герман Греф. "Біз Қазақстан нарығына шындап және ұзақ уақытқа келіп отырмыз", - деп мәлімдеді ол.
Герман Греф: "банк өзінің Қазақстандағы еншілес банктің 250 млн АҚШ доллары көлеміндегі қаржыландырылуын жақында аяқтады. Біздің бұл қадамымыз Қазақстанның банк секторының тұрақтануына алып келеді және банк Қазақстандағы шынайы секторды несиелендіру қарқынына ілесе алады деген үміттеміз", - деп атап көрсетті ол.
"Қазақстан нарығына Ресей Сбербанкінің келуіне саяси бағаны тыңдау мен үшін өте маңызды болды. Әрине, біздің келуімізге мұндай жылы қабақ танытылмағанда, біз Қазақстан нарығына осылайша ауқымды енбес едік", - деді Герман Греф. "Қазақстан үкіметі бізді банктің Қазақстан нарығында дамуға қызығушылық білдіріп отырғандарына сендірді", - деп атап көрсетті ол.
Сбербанк президенті Қазақстан премьерімен кездесу барысында сондай-ақ, Қазақстан нарығында жұмыс істеген кезде туындайтын қиыншылықтар мәселесі талқыланғанын атап өтті. Бұл бірінші кезекте қолайлы нормативтік базаға қатысты болып келеді. "Өкінішке орай, бүгінгі күнге дейін Ресей мен Қазақстан арасында екі жақты салық салу туралы бірде-бір келісім жасалмаған. Бұл біздің Қазақстан нарығындағы белсенділігімізді айтарлықтай төмендетіп отыр", - деп сөзін қорытындылады Герман Греф.