Ресей Шанхай ынтымақтастығы ұйымы саммитінің қорытындысына толық қанағаттанады - РФ президенті

"Шанхай ынтымақтастығы ұйымы - тұрақтылық пен табандылық танытты. Бұл - ұйым жұмысының басты саяси нәтижесі болмақ",- деді В.Путин.

Ресей мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастығы ұйымы мемлекет басшыларының декларациясына айрықша маңыз берді. Декларацияда дұрыс бағдар жасалды, деді Ресей лидері. Орталық Азиядағы ахуалдың өзгере түсуіне байланысты аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне бұрынғыдай басымдық беріледі.
"Отырыс нәтижесі біздің ұйым мүмкіндіктерінің молдығына деген сенімді күшейтеді",- деді В.Путин.