Ресей сыртқы істер министрі Қазақстан президентімен жүздеседі

Бүгін сондай-ақ Алматыда Ресей, Үндістан және Қытай сыртқы істер министрлерінің үш жақты кездесуі өтеді деп күтілуде. Оған қатысушылар аймақтағы ахуалды сарапқа салып, халықаралық өзекті проблемалар бойынша ұстанымдарын салыстырады.

Бұған қоса Ресей сыртқы істер министрі өзінің Қазақстандық әріптесі Қасымжомарт Тоқаевпен де жүздеседі деп жоспарланған.
Ресей сыртқы істер министрі Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымына мүше елдердің министрлерінің бас қосуына қатысу үшін Алматыға келген. Бұл бас қосу жұмада өтеді. Оған Ауғанстан, Әзербайжан, Египет, Үндістан, Израиль, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан тәрізді 16 мемлекеттің сыртқы істер министрлері қатысады.
Бұл жолғы отырыста Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының жарғылық құжаттары - кеңеске қатысушылар арасында сенім орнатудың басты қадамдарын қамтитын өзара сенім шараларының каталогы мен процедуралардың ережесі (Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының регламенті) қабылданатындықтан, бұл жолғы бас қосуды кезеңдік жиын деп санауға болады.
Бұған қоса кездесуге қатысушылар қорытынды декларация қабылдап, онда халықаралық лаңкестікпен күрес мәселелері мен Таяу шығыс, Ирак және Ауғанстан тәрізді аймақтық өзекті проблемалар бойынша тараптардың ұстанымын жария етеді.