Ресей тарихын жаттап келген Байқоңырдағы қазақ мектептері Білім министрлігінің қарамағына өтті

Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:

-Сол жердегі қазақ тілді мектептер, тұрғындар осындай мәселені көтерді. 7 жылдың ішінде жұмыс істедік. Бірақ, өткен жылы ғана ресейлік әріптестерімізбен бірлесіп,  келісімге қол қойдық.

Байқоңырдағы ұл-қыздардың Ресейдің тарихын жаттап, көрші елдің бағдарламасымен білім алып жатқаны талайдан бері көтеріліп жүрген. Енді жаңа оқу жылынан бастап Байқоңырдағы  6 мектепке қазақ оқулықтары  таратылып, шәкірттер Қазақстанның стандартымен оқитын болады. Біздің  жүйені толық меңгерген ұстаздарды жұмысқа тартып, керек-жарақпен қамту үшін 3 жылға бюджеттен 4 миллиард теңге бөлінген. Қалған 8 мектеп әзірше Ресей бағдарламасымен оқи бермек.

Loading...