Ресей тегін беретін С-300 зымыран кешені Батыс пен Шығысқа орнатылуы мүмкін


Ресей С-300 зениттік зымыран кешенін биыл жеткізіп бермек. Бұл техника  әуе шабуылынан қорғануға арналған. Ал радарлары кеңістікті бұзған кез-келген ұшақты айна-қатесіз көрсетеді. Тіпті жүздеген шақырымдағы нысанды атқылап, күлін көкке ұшыратын қауқары бар. Қазір елімізде, дәл осындай 5 кешен бар. Ол Алматы, Астана мен Шымкент маңында орналасқан. Ал Мәскеуден жеткізілетін С-300 зениттік зымыранның бірі  Батыстағы Ақтауға, екіншісін Шығыс аймаққа шоғырландыру жоспарланып отыр. Қалғаны да өз орнын табуы тиіс. Осы мәселе бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресейдің қорғаныс істері министрі Сергей Шойгудің кездесуінде жан-жақты талқыланды. Астана мен Мәскеу қазір біріккен әуе қорғанысын құруға әзірленіп жатыр.