Ресей үкімет басшысы "жұртшылықты жаппай алаңдататын" лаңкестік проблемасы ұлттық шеңберден шығып кеткенін атап өтті. "Бұл проблема халықаралық сипатқа көшті",- деді М.Фрадков. Осыған байланысты ол Ресей өз тарапынан ТМД елдерінің лаңкестікке қарсы қолданып отырған шараларды қолдайтынын атап өтті. "Ақпарат алмасу, құқық қорғау органдарының жұмысын өзара үйлестіру және шекараны нығайту салаларындағы шараларды да Ресей қолдайды",- деді РФ үкімет басшысы. Оның пікірінше, осынау ғаламдық зұлматты біз тек күш біріктіру арқылы ғана жеңе аламыз. Соның нәтижесінде онымен тікелей және жанама байланысы бар басқа да көптеген мәселенің басы ашылады, деді ол. "Әр нәрседен сабақ алып, тиісті тұжырымдар жасау қажет".
Журналистер сауалына жауап берген РФ үкімет басшысы "бүгінгі отырыстың күн тәртібіне сепаратизмге қарсы күрес мәселесі тікелей шығарылмағанын" атап өтті. Алайда, оның айтуынша, бұл проблема екі жақты кездесулерде талқыланған. Атап айтсақ, бұл тауқымет бүгін Ресей және Грузия үкімет басшыларының кездесуі кезінде де сарапқа салынды.
Сондай-ақ, М.Фрадков Бесландағы оқиғаға байланысты достас ТМД елдері тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау-көмек үшін ризашылық білдірді.