Ресей Түркияға туристік жолдамалар сатуға қойылған шектеуді жойды

Бұдан бөлек, Жарлықта Түркия билігімен келіссөздер өткізу жөнінде тапсырма берілген. Соның аясында Түркиядан енетін кейбір импорттық тауарларға шектеу жойылуы мүмкін.

Бұған дейін Путин Елшілердің қатысуымен өткен жиында Мәскеу Анкарамен екіжақты ынтымақтастықты қайта жандандыру үшін бірқатар шаралар қабылдайтынын айтқан болатын. Премьер-министр Дмитрий Медведев болса, санкцияларды алу ресейлік өндірушілерге кесір тигізбеу үшін кезең-кезеңімен жүзеге асатынын мәлім еткен.

Түркияға қарсы санкциялар аталған елдің ӘӘК ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсіргеннен кейін енгізілген. Түркия ресейлік ұшақ шекара бұзды десе, Ресей оны мойындамаған болатын.


27 маусым күні Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған атып түсірілген ұшаққа қатысты өз өкінішін (Кремльдің нұсқасы бойынша - кешірім сұраған) жеткізіп, Ресей мен Түркия арасындағы қарым-қатынасты қалпына келтіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын екендігін айтқан.