Ресей ТЖ министрлігінің ұшақтары Непалдан Қазақстан азаматтарын алып шықты


Бұл туралы Facebook желісіндегі парақшасында СІМ ресми өкілі Алтай Әбиболлаев хабарлады.
Алайда, қазақстандық жолаушылар туралы мағлұматтар өзгеруі мүмкін екенін де жоққа шығармайды.
А.Әбиболлаевтың айтуынша, Мәскеуге жеткен жерлестерімізге консулдық-құқықтық кеңес пен жан-жақты көмек көрсетіледі. “Олар қалауынша елшілік жанындағы отельге орналастырылады немесе елге қайтады”, - деді Әбиболлаев.
“Непалда басқа да азаматтарымыз қалған болуы мүмкін. Ұшақтар ұшып шыққанға дейін ондағы отандастарымыздың саны 18 болатын. Алдағы уақытта бұл мәліметтер өзгеруі мүмкін”, - деп қосты ол.
Ресми өкіл ресейлік серіктестерге Қазақстан азаматтарын қауіпті аймақтан алып шығуға көмектескені үшін алғыс білдірді.