"Мен Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара ықпалдастықтың дамуына, сондай-ақ, Еуразия құрлығында болып жатқан интеграциялық процесстердің дамуына ешқандай әсер етпейтіндігіне сенімдімін",- деді К. Мәсімов Астанада өткен брифингте.
"Михаил Фрадков Ресей үкіметін 3,5 жыл басқарды және осы кезең ішінде Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара ықпалдастық одан әрі тереңдей түсті",- деп атап көрсетті премьер.
Ол, "біздің арамызда конструктивті әрі меймандостық сипаттағы өзара ықпалдастық орнады және мен Фрадковқа өзінің жұмысында, мемлекет басшысы тағайындайтын жаңа лауазымында табыстар тілеймін" деп атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті