Ресми Мәскеу мұндай шектеуді Киев Еуроодақпен еркін сауда-саттық жүргізу туралы келісімге қол қойған соң енгізіп отыр. Яғни, енді Украинадан келетін ауыл шаруашылығы өнімдері, шикізат, азық-түлік және өзге де тауарлар бұрынғыдай Ресей арқылы тікелей Қазақстанға экспортталмайды. Украинадан шыққан жүк көлігі алдымен Беларусқа келеді, кейін Ресейдің алдын ала белгіленген 8 өткізу пунктінде тексеруден өтіп, Қазақстанға жөнелтіледі. Ал, Украина тауарларын тек Қостанай облысындағы «Қайрақ», батыстағы «Сырым» мен «Жайық» пунктері арқылы қабылдай аламыз. Сондай-ақ, әрбір жүк көлігін ресейлік кеденшілер жол бойы қарауылдап шекараға дейін шығарып салады. Сөйтіп, транзиттік жол 400 шақырымға дейін ұзармақ. Жаңа талап күшіне енгелі елімізге Украинадан тауар экспортталмапты. Әзірге жүк көліктері жолда тұр.
Қайрат Маубаев, Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы:
-167 көлік қазір Ресей-Украина бекеттерінде кейін қайтарылып, олар қазір беларус арқылы қайтадан транзитпен Қазақстанға жөнелтілуі керек. Қосымша алым алынады 100 шақырымға орташа есеппен 3 рубль.
Loading...