«Турасын айтайық, біз Украинаның дефолтқа ұшырағанын, онсыз да күрделі жағдайға душар болған экономикалық ахуалдың ушыққанын қаламаймыз. Керісінше, бізге «тірі» серіктес қажет», - деді Д.Медведев сәрсенбі күні Мәскеуде өткен форумда.
«Дегенмен қарыз алған соң оны төлеу қажет», - деп атап өтті премьер-министр.
Оның айтуынша, бұл жерде мемлекеттік, коммерциялық, соның ішінде банктік қарыздар туралы әңгіме болып отыр.
«Сондықтан жуық арада осы мәселеге қатысты шешім қабылдауға тура келеді», - деп ескертті Д.Медведев.