Ресей үшін Азия-Тынық мұхиты аймағындағы экономикалық ынтымақтастық ұйымы аясындағы қарым-қатынасты дамыту - тың мүмкіндіктерге, соның ішінде Сібір аймағын дамытуда үлкен мүмкіндіктерге жол ашады - РФ президенті

Іскерлік саммитке қатысу - Ресей экономикасына қазірдің өзінде елеулі пайда әкеле бастады деді РФ президенті. Әлемнің көптеген елдері Ресейді сенімді әрі келешегі зор әріптес ретінде таниды.

Азия-Тынық мұхиты аймағындағы экономикалық ынтымақтастық ұйымы форумының, соның ішінде оныі іскерлік бөлімінің басты мақсаты- аймақ тұрғындары үшін жаппай қолайлы жағдай жасау болмақ. Осыған байланысты В.Путин бірқатар елдердің экономикалық дамуындағы айырмашылықтарға алаңдаушылық білдірді. "Ахуалды сауықтырудың бір жолы - барлық мемлекеттер мүддесінің жүйелі тепе-теңдігі негізінде инвестициялық режимдер мен сауда-саттықты либерализациялау болмақ",- деп мәлімдеді В.Путин.
Өз сөзінде РФ президенті Ресейдің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуі, өз елінің Жалпы Ішкі өнімінің мөлшерін екі есе арттыру, лаңкестікпен күрес мәселелеріне де тоқталып өтті.