Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23 қыркүйекте үкіметтік комиссиялардың бірлескен штабы "Потон-М" зымыран тасығышы құлаған аудандарды тексеру мақсатында қайта бір айналып ұшып шықты, оның барысында Ресей жағының "Протон-М" зымыран тасығышының сынықтарын түгелдей алып шыққаны, қосымша сынықтардың табылмағандығы белгілі болды.
Сонымен бірге, Ресей жағы зымыранның екінші сатысы құлаған жерде рекультивациялық шаралар жүргізуді одан әрі жалғастыруда.
"Инфракос-Экос" кәсіпорнының мамандары Ресей жағымен бірлесіп Бриз-М үдеткіш блогы мен ғарыштық аппараттың өтпелі бөлігі құлаған жерден 45 сынама алды, барлығы 1 метрге дейінгі тереңдікте 9 нүктеден сынамалар алынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті