Фильм Кеден Одағы, Ресей, Белоруссия және Қазақстан Бірыңғай экономикалық кеңістігі құрылуы жағдайында Қазақстан-Ресей одақтық қарым-қатынастарын нығайтуға арналған.
Бұрынғы Кеңес Одағы кеңістігінде ықпалдастық үдерістердің негізін Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қалағаны баршаға белгілі. ҚР Президенті 1994 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінде сөз сөйлеп, Евразиялық Экономикалық Қоғамдастық идеясын ұсынған болатын.
Осы фильмде жетекші халықаралық сарапшылар мен мамандар экономикалық реформаның ойдағыдай атқарылғандығын, Қазақстан және Орталық Азия аймағында тұрақтылық, бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуге байланысты Н.Назарбаевтың рөлін жоғары бағалайды.
Сонымен қатар автор Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, Астана қаласында өтетін ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекет басшыларының саммитін өткізу сынды тақырыптарда да ой толғайды.
Анықтама :
Фильмнің авторы - Сергей Борисович Брилев (1972 ж. туған) - Ресей тележүргізушісі, 2004 жылдан бері Ресей телевизия Академиясының мүшесі, «Ресей» телеарнасы БМТА-ның» директоры, «Сенбілік хабарлар» бағдарламасының жүргізушісі әрі жетекшісі.
«Репортер» аталымы бойынша «ТЭФИ-96» байқауының жеңімпазы, «Жаңалықтар жүргізушісі» аталымы бойынша «ТЭФИ-2001» байқауының жеңімпазы, «Ресейдің үздік қаламы» (2002) сыйлығының лауреаты, Лондон шетел баспасөзі Ассоциациясының толық мүшесі.