Ресей жыл соңына дейін Қазақстанға 1,4 млн тонна бензин мен дизель отынын жеткізеді


Бұл туралы Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.
«Қазақстан мен Ресей үкіметтері ақшыл түсті мұнай тапшылығын жою мақсатында мұнай өнімдерінің индикативті теңгеріміне қол қойылған болатын. Ол бойынша Ресейден Қазақстанға 958 мың тонна бензин мен 470 мың тонна дизель отынын алым-салықсыз жеткізу көзделген», - деді Ұ.Қарабалин.