Ресейде 1 тамыздан бастап мұнайдың экспорттық баж салығы бір тоннасына $495,9 деңгейінде белгіленеді

Бұл туралы РФ Қаржы министрлігінің кедендік төлемдер бөлімі бастығының орынбасары Александр Сакович мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

"Мамыр-маусым айларындағы мониторинг бойынша орташа баға бір барреліне $123,36375 болды, ал сол кездегі баж салығының шектеулі шамасы тоннасына $495,936 болған. Сөйтіп, 1 тамыздан бастап мұнайдың экспорттық баж салығы бір тоннасына $495,9 деңгейінде белгіленеді ", - деді ол.

Ал ашық түсті мұнай өнімдерінің баж салығы бір тоннасына $346,4 , қара түсті мұнайға - тоннасына $186,6.