Ресейде 150 кенші жер астында қалып қойды

Ресейдің Красноярск өлкесінде карьер қабырғасы опырылып құлады. Оқиға кезінде «Восточный» кенішінің 150 жұмысшысы жер астында қалып қойған. Қазір оларды құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, төтенше жағдайға жер асты суынан сіңген ылғал себеп болуы мүмкін.