Ресейде 1-тамыздан бастап мұнайдан алынатын экспорттық баж салығы бір тоннасына 140 долларға дейін артады

Қазіргі жағдаймен 1-маусымнан бастап мұнайға білгіленген экспорттық баж салығы бір тоннасына 136,2 долларды құрайды. 1-тамыздан бастап баж салығының мөлшері мамыр және маусым айларындағы бағаға жасалған мониторинг негізінде белгіленді.

Экспорттық мұнайға салынатын баж салығының мөлшері екі айда бір мәрте қаралады. Оның мөлшері Ресей мұнайының әлемдік нарықтағы орташа құнына байланысты алдағы екі айдағы бағаға мониторинг жүргізу негізінде арнаулы формуланың көмегімен есептеледі.