Ресейде Бесланда болған қайғылы оқиғаны еске алуда

Бүгін таңертең Солтүстік Осетияда үш күндік қаралы күндер басталды. Шетелдік БАҚ-тардың ақпаратына сәйкес, бүгін Бесландағы №1 мектептің ауласында күні бойы адамдар жиналып, лаңкестердің қолынан қаза тапқандардың рухына бас иді. Қалаға республика қалалары мен түрлі кәсіпорындардан өкілдер келуде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, осыдан дәл 1 жыл бұрын Солтүстік Осетияның Беслан қаласындағы №1 мектептің 1128 оқушылары, ата-аналары мен мұғалімдерін лаңкес содырлар тобы кепілдікке алған болатын. 1-3-қыркүйек аралығындағы қиян-кескі оқиғалар барысында республиканың 331 тұрғыны қаза тапты. Олардың 186-сы балалар, 145-і ересектер. 958 адам зардап шегуші деп танылды.