Ресейде екі бірдей ұшақ апатына байланысты қаралы күн жарияланды

Қаралы күн жариялануына орай бүкіл ел аумағында жаппай Ресейдің мемлекеттік байрағы түсірілді. Мәдени мекемелер мен телерадиокомпанияларға көңіл көтеру шаралары мен бағдарламаларды кейінге қалдыру туралы ұсыныс жасалды.

Сондай-ақ, РФ үкіметі мен федерация субьектілерінің мемлекеттік билік органдарына қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсетуге шаралар қолдану тапсырылды.
Соңғы мәлімет бойынша, 24-тамыз күні болған екі ұшақ апатынан 89 адам мерт болды.
Ресей әуежайлары осыған байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары күшейтілді.