Ресейде екі кісінің өліміне қатысты 19 жыл іздеуде болған күдікті ОҚО-да ұсталды

Шардара АІІБ-нің полиция бөліміне Ресейдегі  әріптестерінен сұрау  хат келіп түскен, онда Ресей Федерациясында екі адамды өлтірген күдікті ОҚО  Шардара  ауданында  жасырынып  жүр деп хабарланған. Қылмыстық іс  Минск  конвенциясының келісімі бойынша  жіберілген.

Полиция қызметкерлері күдікті азаматтың Шардара ауданында тіркеуде тұрғанын, оның тұрмыстық химия заттарын сататын фирмаға сауда  өкілі  болып  жұмыс жасап жүргенін, сондай-ақ, басқа атпен өзін таныстырып жүргенін  анықтады.

Шардара АІІБ-ның криминалды полиция  қызметкерлері  анықтағандай 54-жастағы күдікті азаматтың Шардара  қаласында туысқандары бар екені анықталды. Ол негізінде Шымкент қаласында тұрған, алайда мекенжай бойынша оны таба алмаған. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралар барысында Арыс қаласындағы базардың бірінен  күдікті азаматты ұстады. Сотқа дейін тергеу жүргізілуде.


Жиналған материалдар процесуалды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді